«Мақтаарал» клубы бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Андрей Ферапонтовты тағайындағанын хабарлады.
45 жастағы маман бұған дейін де «Мақтааралды» жаттықтырған. Одан бөлек, «Ордабасы», «Рух», «Оқжетпес», және Қазақстан жастар құрамасында бас бапкердің көмекшісі ретінде еңбек етті.
Андрей Ферапонтовтың көмекшісі болып Руслан Эсатов тағайындалды. Ойыншылардың физикалық дайындығына Александр Кучма жауапты болса, қақпашылардың бапкері болып Виталий Кувшинов өз орнында қалды.
Біздің серіктес: FONBET