Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» тағы екі ойыншымен келісім-шартқа отырды

24.07.2022, 21:44
Атакенттік клуб керек емес ойыншылардан құтылып, жаңа футболшылармен толығуда.
Жарнама
Жарнама

Атакенттік «Мақтаарал» 34 жастағы қақпашы Рамиль Нұрмұхаметов және 20 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Яо Леонард Джахамен келісім-шарт жасасты, сондай-ақ 22 жастағы жартылай қорғаушы Әліби Тұзақбаевтың командадан кеткенін хабарлады.

Рамиль Нұрмұхаметов бұған дейін «Лашын», «Тараз», «Горняк», «Каспий», «Қайрат», «Қайсар», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Атырау», «Оқжетпес», «Тараз-Қаратау» және «Қыран» командаларында өнер көрсетті. Жалпы, қақпашы Қазақстан Премьер-лигасында 122 матч өткізіп, 165 гол жіберіп алған. Ол «Мақтаарал» сапында 70-нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

Яо Леонард Джаха өткен маусымда беларусьтік «Сморгон» клубында өнер көрсетті. Бірақ бұл командада небәрі 2 ойын өткізді. 20 жастағы футболшы атакенттік клубта 88-нөмірмен ойнайтын болады.

Әліби Тұзақбаев биылғы маусымның басынан бері «Мақтаарал» сапында 15 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Ойыншы еркін агент ретінде талдықорғандық «Жетісуға» ауысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров