Тәжікстан құрамасының 23 жастағы шабуылшысы Шериддин Бобоев «Мақтааралдан» кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған екен.
Шабуылшы «Мақтааралға» осы маусым басталмай тұрып қосылған еді. Бұған дейін Шериддин малайзиялық «Пенанг» сапында өнер көрсеткен.
Бобоев атакенттік клуб жейдесінде 9 матч өткізгенімен, гол соға алмады.
Біздің серіктес: FONBET