Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» «Тобылды» қатарынан екінші матчта ұтты

02.08.2021, 01:00
«Мақтаарал» «Тобыл» жастарына жауапсыз 4 гол соқты.
Жарнама
Жарнама

"Мақтаарал" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Тобылды" ірі есеппен жеңді. Атакенттегі Алпамыс батыр стадионында өткен матч 4:0 есебімен аяқталды.

Қостанайлық клуб бұл ойынға тек жас ойыншыларды алып келді. Кездесудің 31-минутында Драмане Коне айып алаңның сыртынан алыс бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. 51-минутта қақпашының қателігін пайдаланған Евгений Левин есепті еселеді. Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Едіге Оралбай көзге түсті. Ал 91-минутта Сұлтанбек Дүйсешов матчтың нүктесін қойды.

"Тобылды" қатарынан екінші матчта жеңген "Мақтаарал" 7 ұпаймен В тобында екінші орынға көтерілді. Ал Александр Москаленко шәкірттері 6 ұпаймен бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров