Жарнама
Жарнама

Мақтаарал төріндегі дүбірлі дода, "Мырзадинов" турнирі...

11.05.2017, 18:09
Жарнама
Жарнама

74fe7559-b8eb-4355-b2b3-1f5f59092df6ОҚО Мақтаарал ауданың Абай ауылында жыл сайын 6-9 мамыр аралығында футболдан дәстүрлі футбол турнирі өтеді. Ұлы отан соғысының ардагері, "Қызыл жұлдыз" ордерінің иегері Серікбай Мырзадиновтың құрметіне өткізілетін турнир, сонау 2001 жылдан бастау алған. Бұл турнирге 30-дан астам Алматы, Шымкент және ОҚО-ның бірнеше аудандарынан командалар жыл сайын қатысып жатады. Сондай-ақ, осы турнирде республикалық лигаларда өнер көрсететін БИІК, "Мақтаарал" жәнеде облыстық, қалалық лигаларда өнер көрсететін командалармен, бір қатарда ауылдық жастардан құралған командаларда қатысады.

Осының өзі, қазақ футболының дамуына кішкенеде болса үлесін қосатыны анық. Айтпақшы, "Мақтаарал" клубының құрылуының басты себепкері де осы турнир, себебі осы турнирді өткізіп жатқан Мырзадиновтың немересі генерал-летинант Ерғали Серікбайұлының ұсынысынан кейін осы турнирдегі үздік ойыншылардаң жасақталып "Мақтаарал" клубы құрылған болатын. Өздерінізге белгілі, қазіргі таңда "Мақтаарал" командасы Қазақстан 1-лигасында тамаша өнер көрсетуде. Айта кетейін, бұл дода да шетелден келген футболшыларда өнер көрсетеді, ең көп Өзбекстанан келеді, сондай-ақ биыл Сербияның жоғарғы лигасында өнер көрсеткен футболшы Горан Цветкович ойнауда, ал өткен жылы Нигериядан келген футболшы өнер көрсеткен еді. Сондай-ақ, жыл сайын аудандағы 120 мектепте осы турнир аясында бақсынайды. Оқушылар арасындағы жарыс ақпан айында басталып, ақтық ойыны 9-мамыр күні өтеді. [22:49, 9.5.2017] Əлішер: Жеңіп шыққан мектепті генерал-летинант Астана немесе Алматы қалаларына апарып сондағы командалармен жолдастық матчын өткізідіріп қайтады. Ал, осы жылы тек Мақтаарал ауданының ғана емес, Шардара ауданының мектептеріде осы турнирге қатысатын болды...

Биыл ,17-рет өткізілген бұл турнирде 30-дан астам команда бақ сынады. Және жүлделерде өз иесіне табысталды. Атап айтсақ, "Шардара" (Шардара ауд.) командасы үшінші орын иегері атанды- 300 000 тг. Ал, екінші орын иегері ALMIR (Алматы қ.) командасы - 500 000 тг. Турнирдің бас жүлдесін осымен қатарынан үшінші жыл "Мақтаарал" (Мақтаарал ауд.) командасы жеңіп алды - 700 000 тг. 849d078b-4e7a-4481-a606-0b6bfa436f90Ал, турнирдің ең үздік ойыншысы "Шардара" командасының ойыншысы - Бексұлтан Бақдаулет! Ол негізінде Астана қалалық лигасының "Әулие ата" командасының ойыншысы, бұл турнирге арнайы шақырылған болатын. Сондай-ақ, мектептер арасынан Мақтаарал ауданының Ілияс Жансүгіров мектебі жеңіп алып, Алматы қаласына жолдама алды...

Тағыда бір жаңалығын айта кетейін, келесі жылдан бастап бұл турнирде қыздар арасындағы футболда өтуі мүмкін. Егер, қыздарда қатысатын болса, онда осы алаңда "БИІК" командасыда қатысады, себебі бұл ұсынысты "БИІК" командасының басшысы ұсынды. Өздерінізге белгілі, осы маусымда "БИІК" командасы Чемпиондар лигасының 1/8-финалына дейін жетіп, "ПСЖ" командасына жол берген болатын... Қызықты ақпарат, осы турнир өтіп жатқан алаңда сонау 1970 жылдары КСРОның олимпиадалық құрамасы оқу-жаттығу жиының өткізген екен... Ауыл халқы Серікбай Мырзадиновты еске алуға арналған футболдан дәстүрлі футбол турнирін өткізіп жатқан Ерғали Серікбайұлына өз алғыстарын айтып жатыр. Осы орайда, республикалық "Алпамыс батыр" қоғамдық қоры, осындай үлкен спорттық іс шараны ұйымдастырып жатқан генерал-летинант Ерғали Серікбайұлына арнайы медальн табыстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров