«Мақтаарал» клубы 31 жастағы украиналық қорғаушы Артур Западнямен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Артур Западня - «Ильичевец» клубының түлегі, қорғаныстың сол қапталында өнер көрсетеді. Сондай-ақ «Ворскла», «Металлург», «Сумы», «Верес», «Львов», «Волынь» және «Десна» командаларында доп тепті. Украина Премьер-лигасында бас-аяғы 60 матч өткізіп, 1 гол соққан және 3 нәтижелі пас берген.
Ойыншы соңғы кездері «Металлист» клубының намысын қорғады. Украина біріншілігінің осы маусымында 12 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET