Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» украиналық қорғаушыны қатарға қосады

22.01.2022, 18:58
Футболшы кезінде өз елінің жастар құрамасында ойнаған.
Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» футбол клубы жақын арада украиналық футболшы Артур Западнямен келісім-шартқа отырмақ, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Дереккөздің хабарлауынша, қорғаушы клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

31 жастағы футболшы тек өз отанында, дәлірек айтсақ, «Десна», «Волынь», «Львов», «Верес», «Сумы», «Ворскла», «Ильичевец» командаларында ойнады. Ал соңғы кездері «Металлист» сапында өнер көрсетті. Артур 2009-2011 жылдар аралығында Украина жастар құрамасы сапында бес кездесу өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров