Жарнама
Жарнама

«Мақтаарал» жеті ойыншымен толықты

03.03.2022, 18:12
Оның бесеуі шетелдік ойыншы екен.
Жарнама
Жарнама

Атакенттік «Мақтаарал» клубы жеті ойыншымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

29 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Биллал Себайхи «Сент-Этьеннің» түлегі болып табылады. 2020 жылы ол ақтаулық «Каспийдің» намысын қорғап, 8 кездесуде 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Одан бөлек, Алжир, Португалия, Түркия чемпионаттарында өнер көрсеткен. Соңғы кездері румыниялық «Херманнштадт» командасында доп тепті.

Молдова құрамасының 26 ​​жастағы қорғаушысы Артем Розгонюк бұған дейін «Шериф», «Сперанца» және «Сфинтул Георге» клубтарында ойнаған. Молдова құрамасында 13 ойын өткізген. Қорғаушының соңғы клубы молдовалық «Петрокуб» ( 48 матч, 1 гол, 2 нәтижелі пас) болды.

Тәжікстан құрамасының 22 жастағы шабуылшысы Шериддин Бобоев бұған дейін өз еліндегі «Баркчи» мен «Истиклол», сондай-ақ малайзиялық «Пенанг» командаларында өнер көрсеткен. Ол клубтық мансабында бас-аяғы 52 матч өткізіп, 17 гол мен 4 нәтижелі пасты өз атына жазған. Сондай-ақ шабуылшы ұлттық құрама сапында 22 ойынға қатысып, 2 мәрте мергендік танытқан.

28 жастағы ресейлік қорғаушы Егор Потапов өткен маусымда «Қайсардың» негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды (31 матч, 2 гол). Бұған дейін ол Беларусь, Литва, Эстония және Қырғызстан чемпионаттарында бақ сынаған.

34 жастағы беларусь қорғаушысы Руслан Юденков футболдағы бар ғұмырын өз елінде өткізді. Беларусь Премьер-лигасында 157 матч өткізіп, 5 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды, ал Бірінші лигада 113 ойынға қатысып, 22 гол соққан.

24 жастағы жартылай қорғаушы Ринат Джуматов «Атырау» командасының түлегі. Ол Премьер-лигадағы дебютін 2018 жылдың наурыз айында өткізіп, бүгінгі күнге дейін 36 матчта 1 гол және 2 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

19 жастағы жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек «Қайраттың» түлегі. Ол 2020 жылғы чемпионатта негізгі командада дебют жасап, бүгінге дейін небәрі 3 ойын өткізген. Бірінші лиганың өткен маусымында «Қайрат-Жастар» сапында 18 матчқа қатысып, 9 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров