Жарнама
Жарнама

«Мақтааралдың» қақпашысы командадан кетті

22.06.2022, 20:03
Биыл 37 жастағы қақпашы Премьер-лигада үш ойынға қатысты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаев «Мақтааралдан» кететінін мәлімдеді.

«Достар, бүгіннен бастап мен «Мақтааралдың» ойыншысы емеспін! Бұл қысқа әрі сәтсіздеу тәжірибе болды! Барлығына рахмет», - деп жазды қақпашы өзінің Instagram парақшасында.

Бекбаев «Мақтааралға» ағымдағы маусымның басында қосылған еді. Содан бері атакенттік клуб жейдесінде үш матч өткізді.

37 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы бұған дейін «Ордабасы», «Қайсар», «Ақжайық», «Ақтөбе», «Ертіс», «Жетісу» және «Қызыл-Жар» командаларында өнер көрсеткен. Сонымен қатар өзбекстандық «Андижанның» намысын қорғады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров