Жарнама
Жарнама

Марадонаның жазған соңғы хабарламасы жарияланды

03.12.2020, 03:35
Марадона бұл хабарламаны бұрынғы әйелінің қазіргі күйеуіне жолдаған екен.
Жарнама
Жарнама

Аргентиналық аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның соңғы аудиохабарламасы жарияланды. «Наполи» мен Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы 25 қарашада 60 жасында жүрегі тоқтап қалғандықтан қайтыс болған еді.

Марадона хабарламаны бұрынғы әйелі Вероника Охеданың қазіргі күйеуі Марио Бодриға жіберген. Охеда мен Марадонаның жеті жасар Диего Фернандо атты ұлдары бар.

«Сәлем, Марио. Бұл - Диего. Мүмкін сен менің сөзіме сенбессің, бірақ мен Верониканың жақсы күйде екенін көріп жүрмін. Ол маған екеуіңнің бірге екендеріңді айтты. Оған және менің теңдесі жоқ періштеме Диегоға қамқор болыңыз. Менің ұлдарым көп, бірақ оның орны ерекше», - деп келтірді Football Italia Марадонаның сөзін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров