Сәуірдің 5-і, сенбі күні Марокконың Мараккеш қаласында орналасқан Pestana CR7 қонақүйінде өрт шықты.
Pestana қонақүй әкімшілігінің мәліметінше, қауіпсіздік шаралары бірден қолға алынған. Оқиға орнынан эвакуация жасау қажет болмаған. Португалиялық A Bola басылымының хабарлауынша, жалынды өрт сөндіру қызметі дереу сөндірген.
Morocco World News порталы, бұл кішігірім өрт ретінде тіркелгенін және қонақүй қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметінің жылдам әрекетінің арқасында өрт толығымен бақылауға алынып, қауіп сейілгенін айтты.
Pestana CR7 қонақүй желісінің әлем бойынша алты мекемесі бар:
– Португалияда Фуншал және Лиссабонда
– Испанияда Мадридте
– Францияда Парижде
— Мароккода Мараккеште
– Англияда Манчестерде
Айта кетейік, 2023 жылы қыркүйекте болған жер сілкінісінен кейін дәл осы Мараккештегі қонақүй жергілікті тұрғындар мен туристерге баспана ретінде пайдаланылған.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET