Жарнама
Жарнама

Марат Быстров «Ахматпен» келісім-шартын ұзартты

21.05.2022, 00:34
Футболшы екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Жарнама
Жарнама

«Ахмат Грозный» Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстровпен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

29 жастағы қорғаушы 2023 жылдың соңына дейін есептелген екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Марат Быстров «Ахматқа» 2020 жылдың тамыз айында ауысқан еді. Осы маусымда ол 26 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Қазақстандық қорғаушы бұған дейін «Челябинск»«Тамбов», «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында доп тепті.

«Ахмат» 29 турдан кейін 41 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді. Команда келесі ойынын 21 мамырда «Краснодарға» қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров