Жарнама
Жарнама

Марат Быстров: «Мен «Ордабасы» командасына жанкүйер боламын»

20.08.2020, 20:52
28 жастағы қорғаушы берген сұхбатында Қазақстан чемпионатындағы ойындардың қорытындысын шығарды, одан бөлек, біздің елдегі өмірі туралы, сонымен қатар Ресей Премьер-лигасына өту туралы пікір білдірді.
Жарнама
Жарнама

Тамыздың ортасында Қазақстан құрамасында ойнаған қорғаушы Марат Быстров шымкенттік «Ордабасыдан» ресейлік «Ахмат» клубына ауысқан болатын. Келісім-шартқа сәйкес, ойыншы келесі екі маусымды Грозный клубының құрамында өткізеді.

- Марат, сізді «Ахмат» клубына ауысуыңызбен құттықтаймыз. Жаңа чемпионаттан қандай әсер алдыңыз?

- Құттықтауларыңыз үшін көп рахмет. Керемет әсер алдым, жаңа команда, жаңа адамдар - бұл әрқашан қызықты.

- Мансабыңызды Грозныйда жалғастыру туралы нұсқа қалай пайда болды?

- Жоғарыда айтқанымдай, біз бұған дейін бас бапкер Андрей Викторович Талалаевпен бірге жұмыс істедік. Ол мені «Ахмат» ФК-ға шақырды, мен қазір осы командадамын.

- Егер сіздің ұзақ уақыт футбол ойнамағаныңызды ескерсек, Ресей чемпионатына бейімделуге қанша уақыт қажет болады?

- Әрине, жаттығулардың жетіспеуі - бізге ауыр тиеді, біз қанша жаттықсақ та - ресми ойындар керек. Дегенмен, мен бабыма келу үшін бар күшімді саламын!

- Соңғы бірнеше маусымды өткізген Қазақстан Чемпионаты кәсіби жағынан не берді?

- Спортшы мансабындағы әр кезең белгілі бір тәжірибе және оның сәтті немесе сәтсіз болғаны маңызды емес, бірақ бұл тәжірибе. Ең бастысы - осының бәрінен кейін қандай қорытынды шығарасыз және әрі қарай қалай жүретініңіз маңызды.

- Күнделікті өмір тұрғысынан алғанда, Қазақстандағы өмір Ресейдегі өмірден өзгеше ме?

- Мен Қазақстанда туып, өмірімнің алғашқы 13 жылын өткізгендіктен, бұл маған кедергі болған жоқ. Мен қайда бара жатқанымды және ол жерде мені не күтіп тұрғанын түсіндім, сондықтан мен Отаныма оралдым деп айта аламын. Оған қоса, клуб басшылары мені жақсы қарсы алды, командаластарым алаңда да, одан тыс жерде де көмектесті. Бұл үшін оларға көп рахмет!

- Қазақстан премьер-лигасында сіз «Астананың» ойыншысы болсаңыз да, «Тобыл» мен «Ордабасы» командаларында өнер көрсеттіңіз. "Астана" клубы үшін бірде бір матч өткізбегеніңіз ұят емес пе?

- Әрине, мен Қазақстанға көшуді шешкен кезде, менің бір мақсатым болды - "Астанада" ойнау. Бірақ уақыт менің арманыма қол жеткізе алмағанымды көрсетті. Өкінуге болады, бірақ екінші жағынан, мен екі маусымды керемет командаларда өткіздім, тәжірибе жинадым, екі қола медаль жеңіп алдым, сондықтан менде өкінетін ештеңе жоқ деп ойлаймын.

- "Ахматқа" көшкеннен кейін Қазақстан құрамасымен байланысыңызды үзгіңіз келе ме?

- Егер Қазақстан құрамасында ойнауға мүмкіндік болса, мен қуана-қуана келісемін. Соңғы жылдары мен ұлттық құрамада ойнау үшін жұмыс істедім.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстан Чемпионатының ағымдағы маусымындағы чемпиондыққа басты үміткер кім?

- Чемпионаттың басты фавориті кім екенін айта алмаймын, өйткені турнирдегі кідірістерге байланысты маусым біршама қиын болды, бірақ мен «Ордабасы» командасының жігіттері үшін жанкүйер боламын.

- Болашақта қазақстандық футболға ораласыз ба?

- Өмірде сіз соңына дейін ештеңеге сенімді бола алмайсыз. Қайтып оралам ба, жоқ па, уақыт көрсетеді. Мен бір нәрсені айтайын - мен Қазақстанды өте жақсы көремін, ол жерде менімен байланысты көптеген жайттар бар. Бірақ мен бүгін Ресейде, жаңа командада және жаңа сынақта жүрмін, мен осыған жету үшін ұзақ жол жүрдім. Қазақстан футболының барлық жанкүйерлері мен футболшыларына денсаулық, жақсылық тілеймін және әрқашан бақытты болыңыз!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров