Жарнама
Жарнама

Марат Быстров: «Жауапты ойында біз тағы ұпай аламыз деп ойлаймын»

10.09.2021, 19:38
Марат ұлттық құраманың тұрақты ойыншысына айналды.
Жарнама
Жарнама

Футболдан ресейлік «Ахмат» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құраманың қыркүйек айында өткізген ойындарын қорытындылады. 

- Біз әр ойында алаңда тек жеңіс үшін шығамыз, - деп бастады әңгімесін Быстров. - Бас бапкеріміз Талғат Маруаұлы бізге үнемі өте мықты және өте осал команданың жоғын айтады. Барлығы дайындыққа байланысты. Сондықтан әр кездесуде бізде мүмкіндік болады. Бізді аутсайдер деп айту дұрыс деп ойламаймын. Босния және Герцоговинада бізді нашар ұжым деген еді. Ойынның қалай аяқталғанын өздеріңіз көрдіңіздер. 

- Енді қазан айында Қазақстан құрамасы Босния және Финляндиямен қайта кездеседі. Бұл ойындардан не күтесіз?

- Әдемі ойын көрсетуге тырысамыз. Әрине бастысы нәтиже. Тек жеңіс үшін ойнаймыз. Кез-келген командаға қарсы жақсы ойнап, ұпай алуға болады. Оны өткен ойындар да көрсетті. Біздің топтағы командалардың деңгейі шамамен бірдей. Франциядан басқасы әрине. Біздің де қарсыластан деңгейміз төмен деп айта алмаймын. 

- Зеницада өткен ойында Босния екінші голды соғып, жеңісті ерте тойлап қойғандай болды ... 

- 1:0 есебімен жеңіп тұрып, қарсыласты алға жіберіп алған қиын. Негізі біз сол кезде өте жақсы ойнап жаттық. Бірақ күмәнді пенальти берілді. Бұл пенальти көңіл-күйімізді түсіргені рас. Одан кейін Босния екінші голын соқты. Жағдай қиындай түсті. Дегенмен соңғы минутта Бахтиер Зайнутдинов таразы басын теңестіріп кетті. Білесіз бе, соңғы минутта гол соғып, ұпай алғанның әсері бөлек. Енді жауапты ойында біз тағы ұпай аламыз деп ойлаймын.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров