Жарнама
Жарнама

Марат Быстровтың командасы жаңа бапкер тағайындады

22.09.2022, 23:05
Грозныйлық клуб ресейлік маманға сенім артты.
Жарнама
Жарнама

Грозныйлық «Ахмат» өзінің ресми сайтында команданың бас бапкері қызметіне 63 жастағы ресейлік маман Сергей Ташуевтің тағайындалғанын хабарлады. Тараптар арасындағы келісім-шарт 2022/2023 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

«Ахматқа» келмес бұрын Ташуев «Шахтер Солигорск» командасын баптаған. Ал оған дейін «Спартак Нальчик», «Кубань», «Анжи», «Краснодар» және «Салют Белгород» командаларында жұмыс істеген.

Еске салайық, бұған дейін «Ахмат» басшылығы команданың бас бапкері Андрей Талалаевты қызметінен босатқан еді.

Айта кетейік, бұл командада қазақстандық қорғаушы Марат Быстров өнер көрсетеді. Қазір футболшы Қазақстан құрамасының намысын қорғауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров