Жарнама
Жарнама

Марат Шахметов Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықтың иегері атанды

24.03.2022, 16:41
Футболшы Премьер-лигада 350-ден астам ойын өткізген екен.
Жарнама
Жарнама

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Серік Жейлітбаев атындағы жүлденің кезекті лауреаты жартылай қорғаушы Марат Шахметов атанды. Шахметов қазақстандық командалар құрамында 350-ден астам ойын өткізді.

Марат кәсіби футболдағы мансабын «Алма-Ата» клубында бастады, содан кейін «Астана», «Атырау», «Жетісу», «Ақжайық», «Шахтер», «Каспий» және «Тараз» клубтарында өнер көрсетті. Үш рет Қазақстан Кубогін және Суперкубогін жеңіп алды, сондай-ақ чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Аталмыш марапатты Шахметовке Қазақстанның ХХ ғасырдағы үздік футболшысы Сейілда Икрамұлы Байшақов табыс етті.

«Мен бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Ең алдымен, әрдайым жанымда жүрген туыстарма және жақындарыма алғыс айтамын. Әрине, барлық бапкерлерге баға жетпес тәжірибе мен ойыншы ретінде қалыптасқаным үшін рахмет айтамын», - деді 33 жастағы футболшы.

Жейлітбаевты еске алу сыйлығы Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген ойыншыларға беріледі. Бұған дейін аталмыш жүлденің лауреаттары Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин, Мақсат Байжанов және Эдуард Сергиенко сынды отандық шеберлер болған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров