Испаниялық танымал Marca басылымы дәстүрлі түрде 2020 жылды аяқтап, жылдың үздік 100 футболшысын жариялады.
Көш басында Польша құрамасы мен мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски. Роберт бұл жылы мүмкін болған жүлденің барлығын қанжығасына байлауда. Осыған дейін FIFA-ның The Best сыйлығын ұтып, сонымен қоса бірнеше танымал басылымдардың пікірінше де жылдың үздік ойыншысы атанған еді.
Marca тұжырымы бойынша жылдың үздік 10 ойыншысы төмендегідей:
1. Роберт Левандовски (Польша / «Бавария»)
2. Йозуа Киммих (Германия / «Бавария»)
3. Килиан Мбаппе (Франция / ПСЖ)
4. Серхио Рамос (Испания / «Реал Мадрид»)
5. Криштиану Роналду (Португалия / «Ювентус»)
6. Неймар (Бразилия / ПСЖ)
7. Кәрім Бензема (Франция / «Реал Мадрид»)
8. Мануэль Нойер (Германия / «Бавария»)
9. Эрлинг Холанд (Норвегия / «Боруссия Дортмунд»)
10. Лионель Месси (Аргентина / «Барселона»)
Тізімнің толық нұсқасы
Біздің серіктес: FONBET