"Астананың" 33 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов "Атырауға" қарсы 16-тур матчында (2:0) дубль жасап, елордалық команданың Премьер-лигадағы үздік сұрмергені атанды.
"Атырау" қақпасына соғылған екінші гол хорватиялық жартылай қорғаушы үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы 50-ші голы болды. Томасов өзінің алғашқы голын 2017 жылдың 9 қыркүйегінде дәл осы "Атырау" қақпасына соққан еді. Бір қызығы Марин сол кезде де дубль авторы атанған еді.
Бүгінге дейін Томасов Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» үшін 104 матч өткізіп, 50 гол соқты.
Премьер-лигадағы "Астананың" үздік сұрмергендері:
1. Марин Томасов - 50 гол (104 матч);
2. Патрик Твумаси - 48 гол (123 матч);
3. Таңат Нөсербаев - 46 гол (151 матч);
4. Жуниор Кабананга - 31 гол (77 матч);
5. Фокси Кетевоама - 26 гол (109 матч);
6. Роман Мұртазаев - 25 гол (109 матч).
Біздің серіктес: FONBET