38 жастағы хорватиялық легионердің "Қайрат" қақпасына соққан голы мерейтойлы болып есептелінді.
Чемпиондық мәселесі шешілген 26-турда Марин Томасов 1 гол соғып, Премьердегі 95 нәтижелі әрекетін тіркеді. Қазірде Марин Қазақстан чемпионаты тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде 11 сатыда келеді. Элитада 95 гол соғу үшін хорватиялыққа барлығы 207 ойын керек болыпты.
Және Томасов тағы да ерекше рекордтардың бірін тіркеді. Ол бір клубпен ішкі чемпионатта көп гол соққан футболшылар қатарына кіріп, 96 голы бар Руслан Иманқұловты озуға шақ тұр. Алайда оған Андрей Финонченко (103 гол) мен Нұрбол Жұмасқалиевті (157 гол) қуып жету мүмкіндігі бұйырмайтын сияқты.
Бұған себеп, “Астана” командасы жасы 40-қа келіп қалған футболшысын қалдыру мәселесін әлі шешкен жоқ. 2023 жылы екі жылдық келісім шартқа отырған Мариннің жыл соңында команда қалу мерзімі аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET