Марио Фернандес мансабын жалғастыратын болды

12.12.2022, 01:39


Бақтиер Зайнутдиновтың экс-командаласы қорғаушы Марио Фернандес мансабын отанында жалғастыруға ниетті.


"Сәлем, достар! Мен ЦСКА ФК маған білдірген қолдауы үшін рақмет айтамын. Маған Бразилияға кетуге мүмкіндік берген осы ұжым екенін айта кетейін. Ойлана келе, мансабымды отанымда жалғастыруды жөн көрдім. Жалпы айтқанда, Ресей халқына алғысым шексіз. Күндердің бір күні стадион трибуналарынан сүйікті командама қолдау көрсетемін".


Еске салайық, Ресей елінің азаматтығы бар Фернандес мансабын 2022 жылдың мамыр айында аяқтап еді. Бразилиялық отбасымен бірге болу үшін осы шешімді қабылдаған екен.