Жарнама
Жарнама

Марио Манджукич мансабын аяқтады

04.09.2021, 15:25
Марио өткен маусымда «Миланның» намысын қорғады.
Жарнама
Жарнама

«Бавария», «Милан» және Еуропаның басқа клубтарында ойнаған 35 жастағы хорватиялық шабуылшы Марио Манджукич мансабын аяқтағанын жариялады. Әлеуметтік желіде ол мансабын енді ғана бастаған өзіне хат жазды.

«Құрметті, кішкентай Марио,

Сіз бұл бутсыды алғаш киген кезде, сізді футболда не күтіп тұрғанын елестете де алмайсыз! Сіз ең жоғары деңгейде гол соғасыз, ең үлкен клубтармен бірге ең үлкен кубоктарды аласыз. Сіз өз еліңізді бар әлемге танытасыз және Хорватия спортының тарихын жазуға көмектесесіз.

Сіз жаныңызда жақсы адамдармен бірге боласыз - командаластар, жаттықтырушылар, жанкүйерлер, отбасы, агент және достарыңыз әрқашан қасыңызда болады. Және сіз оларға мәңгі риза боласыз!

Сонымен қатар сіз табысқа жетесіз, өйткені сіз әрқашан барыңызды салып ойнайсыз. Және бұл сіз үшін үлкен мақтаныш.

Сіз мансапты аяқтау уақыты келгенін білесіз, бұл аяқ киімді шегеге ілесіз. Бірақ бұған өкінбейсіз. Футбол сіздің өміріңіздің бір бөлігі болып қала береді, бірақ қазір оның жаңа тарауы басталады.

Ләззат алыңыз! Құрметпен, үлкен Марио.

P. S. Егер сіз бір күні әлем чемпионатында Англияға қарсы ойнайтын болсаңыз, 109 минутқа дайын болыңыз», - деп жазды Манджукич.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров