Жарнама
Жарнама

Марко Милошевич «Астанаға» ауысты

15.01.2022, 01:22
Келісім-шарт мерзімі екі жылға есептелген.
Жарнама
Жарнама

Сербиялық қақпашы Марко Милошевич елордалық «Астананың» қатарын толықтырды. Келісім-шарт мерзімі екі жылға есептелген.

Ол футболдағы мансабын өз отаны – Сербияда бастаған. Алғашқы келісім-шартын сербиялық «Земун» клубымен жасасып, ол жерде 56 ойын өткізген. Одан бөлек «Вождовац», «Смедерово», «Напредак», «Раднички» командаларының намысын қорғады.

Ал Қазақстандағы еңбек жолын 2020 жылы «Каспий» клубында бастады. Ақтаулық клуб сапында 2 жыл өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров