Жарнама
Жарнама

Маркус Рэшфорд “Манчестер Юнайтедке” оралуды қаламайды

24.04.2025, 09:00

Маркус Рэшфорд келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнағысы келеді және осы жазда “Астон Вилладағы” жалға алу мерзімі аяқталған соң “Манчестер Юнайтедтен” біржолата кеткісі келеді.

Жарнама
Жарнама

Рэшфорд маусым соңына дейін “Астон Виллада” жалға ойнап жатыр және ол “Юнайтедте” болашағы жоқ екенін түсініп, келесі қадамын жоспарлауда.

Өткен сейсенбіде “Манчестер Ситиге” қарсы 2:1 есебімен жеңілген матчта Рэшфорд өзінің “Виллаға” ауысқалы төртінші голын соқты. Рэшфордтың “Юнайтедпен” 2028 жылға дейін келісімі бар болса да, бас бапкер Аморим де 27 жастағы шабуылшының клубқа қайта оралуын қаламайды.

Бұл жағдай Рэшфордтың жазда басқа клубқа тұрақты ауысуға шешім қабылдауына түрткі болып отыр. Алайда оның Премьер лигада қалуы екіталай, ол Испанияға көшу қарастыруда. “Вилладағы” жалға алу келісімінің соңында Рэшфордты 40 миллион фунтқа сатып алу мүмкіндігі бар, бірақ ол бұл клубта қалуды қаламайды және болашағын басқа жақта яғни басқа елде көреді.

Рэшфордтың өкілдері “Юнайтедтің” оны “Астон Вилладан” Оли Уоткинс не “Кристал Пэластан” Эберечи Эзе секілді ойыншылармен алмасу келісімін жасауы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарды.

Ол Англия құрамасындағы орнын “Юнайтедтегі” нашар формасынан кейін жоғалтқан еді, бірақ “Виллада” ойыны жақсарған соң қайта шақыртылған. (17 матч, 4 гол, 6 ассист)

“Астон Вилла” бапкері Эмери: “Мен оның ойынына өте ризамын. Ол біз үшін маңызды ойыншылардың  бірі."

Англия футболының аңызы Тедди Шерингэм болса: “Меніңше, Рэшфордтың “Манчестер Юнайтедке” қайта оралуы мүмкін емес. Ол өзі де қаламайды. Виллада өзін еркін сезінетіндей көрінеді, Юнайтедтен мүмкіндігінше алыс болуға тырысатын сияқты." – деді.

Айболат Өнер

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров