Жарнама
Жарнама

Маркус Рэшфорд мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін

08.03.2022, 19:43
Футболшының «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шарты келесі жылы аяқталады.
Жарнама
Жарнама

ПСЖ клубы Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншы іздеп жатыр. Француз футболшысы жазда командадан кетуі мүмкін.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, париждік клуб Мбаппе «Реал Мадридке» кеткен жағдайда, «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Маркус Рэшфордты қатарға қосуы мүмкін. Алайда, қос тарап әзірге келіссөздер жүргізген жоқ.

Рэшфордтың өзі де болашағына қатысты түрлі нұсқаларды қарастыруда, бірақ бұл уақытты қажет етеді. Оның манчестердік клубпен қазіргі келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.

Еске салайық, 23 жастағы Мбаппенің ПСЖ-мен келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров