27 жастағы шабуылшы Юссеф Эн-Несери “Фенербахче” қатарына қосылды.
Түрік ұжым жаңа ойыншысымен 5 жылға келісім шартқа отырды. “Фенербахче” Юссефке 20 млн еуро төлеу арқылы футболшыға таласта “Романың” алдын орап кетті.
Футболшы 2020 жылдан бері “Севилья” сапында доп теуіп келеді. Осы маусымда шабуылшы испандық команда үшін 41 ойын өткізіп 20 гол соқты.
27 жастағы аяқдопшы Марокко барлығы 67 ойын өткізіп, 20 гол соқты.
Transfermarkt порталы Эн-Несериді 20 млн еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET