Жарнама
Жарнама

«Марсель» клубы Неймардың нәсілшілдік әрекетке барғаны жайлы дәлел бар екенін мәлімдеді

23.09.2020, 02:31
Бұл әрекеті үшін 2020 жылдың соңына дейін ойнамауы мүмкін
Жарнама
Жарнама

Франция чемпионатының 3-ші туры аясында өткен «Марсель» мен «Пари Сен-Жермен» арасындағы матчта Неймар қарсылас команданың ойыншысын нәсілшілдік әрекетке барды деп айыптаған болатын. Дәл осындай айып Неймарға да тағылып отыр.

El Partidazo de COPE басылымы хабарлағандай, бразилиялық шабуылшы "Марсельдің" жапониялық қорғаушысы Хироки Сакаиға тіл тигізген. Матч кезінде Неймар оны "қытайлық сасық зат" деп атаған екен. Сонымен қатар, «Марсельде» шабуылшының бұл сөздерді айтқанын растайтын дәлел бар.

Еске салайық, кездесу соңында ойыншылар арасында жанжал болып, Неймар «Марсельдің» испандық қорғаушысы Альваро Гонсалестің басынан ұрғаны үшін қызыл қағаз алды. Тағы бірнеше ойыншылар алаңнан қуылды. Матчтан кейін Неймар Гонсалесті нәсілшілдік әрекетке барды деп айыптады. Жанжал кезінде Альваро: «Аузыңды жап, лас маймыл», - деген екен. Бірақ бұл сөздің кімге айтылғаны белгісіз, ұрыс осыдан басталған.

Осы әрекеттен кейін ПСЖ шабуылшысы Неймар мен «Марсельдің» қорғаушысы Альваро Гонсалес биылғы Франция чемпионатының барлық матчтарын өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды L'Equipe.

Дереккөздің айтуынша, егер Франция лигасы футболшылардың айтқан әңгімелерін нәсілшілдік әрекет деп санаса, бразилиялық пен испаниялық ойыншы 8-10 матчқа шеттетілуі мүмкін. Осылайша, олар күнтізбелік жылдың соңына дейін болатын барлық кездесуді жіберіп алуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров