Жарнама
Жарнама

“Марсель” мен ПСЖ арасындағы кездесу ауа-райына байланысты келесі күнге шегерілді

Аталған матч “Алтын Доп” рәсімімен тұспа-тұс келіп отыр.

Жарнама
Жарнама

Бұл шешім “Марсельдегі” бүгінгі ауа-райына байланысты қабылданып отыр. Францияның оңтүстік-шығысында орналасқан қалада шелектеп жауған жаңбыр тоқтар емес.

LFP регламентіне сәйкес, кейінге шегерілген матч ертесі күні ойнатылуы керек. 

Бір қызығы, “Марсель” - ПСЖ кездесу болып жатқан уақытта “Алтын Доп” рәсімі қатар өтеді. Оған париждік клуб сапынан 9 ойыншы шақыртылған. 

Жалпы престижді жүлдеге ПСЖ сапынан Витинья, Усман Дембеле және Дезери Дуе басты үміткер ретінде қарастырылуда. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: