Франциялық бұқаралық ақпарат құралдары "Марсель" жанкүйерлерінің ереуілге шығып, клубтың жаттығу базасына баса көктеп кіргенін хабарлады.
Get French Football News хабарлағандай, жанкүйерлер команданың қазіргі формасына наразы. Қарашада Андре Виллаш-Боаштың шәкірттері бірінші орын үшін таласқан еді, ал қазір Чемпиондар Лигасы аймағынан шығып қалуы мүмкін. Франция чемпионатының 20 турынан кейін "Марсель" 32 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орынға жайғасты.
Соңғы келіп жеткен хабарға сүйенсек, дәл қазіргі сәтте жанкүйерлер толығымен клубтың базасынан кетіп қалды. Базаның кіреберісіне арнайы жасақ қойылған екен.
Сондай-ақ жанкүйерлер клуб президенті Жака-Анри Айродан құтылғысы келеді. Айта кету керек, бүгін "Марсель" өз алаңында "Ренн" клубын қабылдайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.
Бұған дейін клубтан бас бапкер Андре Виллаш-Боаштың кетуі мүмкін екендігі хабарланған болатын. Оның орнына "Боруссияның" экс-тәлімгері Люсьен Фавр келуі мүмкін.
Виллаш-Боаш "Марсельді" 2019 жылы қабылдаған болатын. Оның басшылығымен команда өткен маусымда Франция чемпионатында екінші орын алып, УЕФА Чемпиондар Лигасына жолдама алған еді, бірақ топтық кезеңнен ары аса алмады.
Біздің серіктес: FONBET