Жарнама
Жарнама

«Марсельдің» бас бапкері қызметінен кетті

03.02.2021, 04:25
Клуб жанкүйерлері бапкердің ғана емес президенттің де кетуін талап етуде.
Жарнама
Жарнама

"Марсель" ресми сайтында Андре Виллаш-Боаштың бас бапкер қызметінен кететіні туралы хабарлады. Бұл шешім сақтық шарасы ретінде қабылданған көрінеді.

Бұған дейін Виллаш-Боаш клубқа жартылай қорғаушы Оливье Нтшамнды сатып алған болатын. Бірақ бапкер бұл ойыншыны алғысы келмеді.

Еске салайық, 30 қаңтарда "Марсельдің" жанкүйерлері клубтың президенті Жак-Анри Эйроның кетуін талап етіп, команда базасына баса көктеп кірді. Команданың қазіргі формасына жанкүйерлер де наразы.

Қарашада Виллаш-Боаштың шәкірттері чемпиондыққа үміткер болған еді, енді клубтың Чемпиондар Лигасынан тыс қалу қаупі бар. "Марсель" дәл қазіргі сәтте 32 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров