Жарнама
Жарнама

Марсело Бьелса тыңшылықпен айналысып, Лэмпардтың жаттығуды қалай өткізетінін байқаған

21.01.2019, 21:32
Жарнама
Жарнама
Англиядағы «Лидс» клубының бас бапкері Марсело Бьелса арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, қарамағындағы қызметкерлер қарсылас командалардың жаттығуын бақылағанын мойындады. Бьелсаның мұндай мәлімдеме жасауына Англия футбол лигасының осы мәселеге қатысты «тыңшылық жасау» бабымен тексеру жұмыстарын бастауы себеп болды. «Лидс» атына наразылық жазған «Дерби» командасы болатын. Чемпионшиптегі екі клубтың кездесуі қарсаңында «Дербидің» жаттығу базасында Марсело Бьелсаның көмекшісі ұсталып қалады. «Лидс» біріншілікте 2:0 есебімен жеңіске жетеді. Ал ойыннан кейін «Дерби» командасының бас бапкері Фрэнк Лэмпард әріптесінің ісін әдепке сай қылық емес деп мәлімдейді.Аргентиналық жаттықтырушы тексеру жұмыстарын жеңілдету мақсатында баспасөз өкілдерін жинап, мұндай әрекетпен бұған дейін де айналысып келгенін атап өтті. Себебі ереже бойынша қарсыластың жаттығуын аңдуға тиым салынбаған. Бьелса тілшілерге «Лидстің» ойынға қалай дайындалатынын көрсетіп, «Дерби» командасына қатысты көптеген статистикалық мәліметтер келтірді. «Яғни, қарсыласты бақылау ойын барысындағы басымдыққа әсер етпейді» -дейді ол. Соған қармастан «Лидс» басшылығы «Дерби» клубынан кешірім сұрап, Бьелсаға әділ ойын туралы ескерту жасады. Бұған дейін «Атлетик», «Марсель» командалары мен Аргентина құрамасының бас бапкері болған Марсело маусым алдында Пол Хеккинботтаманы алмастырған еді. Бьелсадан тәлім алған «Лидс» чемпионшиптің басты жаңалығы атанды. Қазір команда турнир кестесінде топ бастап келеді және премьер-лигаға қайта оралудан үмітті.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров