Жарнама
Жарнама

Марсело «Реал Мадрид» клубының тарихына енді

01.05.2022, 18:37
Бразилиялық футболшы 24 титулына ие болды.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 30 сәуірде «Реал Мадрид» Испания чемпионатының 34-ші туры аясында «Эспаньолды» (4:0) жеңіп, Ла Лига чемпионы атанды. Осылайга, мадридтік клубтың қорғаушысы Марсело командадағы 24-ші титулын жеңіп алып, «Реал Мадрид» тарихында ең көп жүлдеге ие бооған ойыншы атанды.

«Ла Лигада жеңіске жету - бұл еңбектің, қуаныштың, жанқиярлықтың нәтижесі. Мұны жанкүйерлермен бірге тойлау - әлемдегі ең жақсы нәрсе, бүгінгі кеш соларға тиесілі. Бұл ойыншының ең үлкен қуанышы. Жанкүйерлермен мерекелеу, үйде ойнау... бұл жай ғана қуаныш», — деді Марсело.

Марсело испаниялық клубта 2007 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда бразилиялық футболшы 17 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді. 33 жастағы қорғаушының «Реал Мадридпен» келісім-шарты маусым соңында аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров