Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор өзінің болашағына қатысты шешім қабылдады.
Журналист Фабрицио Романо хабарлағандай, 22 жастағы норвегиялық футболшы жақын арада "Арсеналға" ауысады. Қазіргі уақытта клубтар келіссөздер жүргізуде. Мадридтік "Реал" Мартинді сатып алу нұсқасынсыз қысқа мерзімге жалға бергісі келеді. "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артетаның ойыншымен сөйлесуі шешуші рөл атқарғаны атап өтілді.
Сонымен қатар "Реал Сосьедад" клубы да өткен маусымда жалға алған Эдегорды қайтадан команда сапына шақырғысы келді.
Эдегор "Реал Мадридке" 2015 жылы "Стрёмсгодсеттен" ауысып келді, содан кейін "Херенвен", "Витесс" және "Реал Сосьедад" клубтарына жалға жіберілді. Осы маусымда жартылай қорғаушы Ла Лиганың 7 матчына қатысты және тиімді әрекеттерімен көзге түспеді.
Біздің серіктес: FONBET