30 жастағы «Жетісудың» экс-шабуылшысы Мартин Тошев өз мансабын жалғастыру нұсқалары туралы айтты.
«Мен «Этара» клубына қайта ораламын деген әңгіме шындыққа жанаспайды - мен ол клубпен сөйлескен жоқпын. Түрлі әңгімелер айтылады, оған үйреніп қалдым. Менде Қазақстан клубтарынан екі ұсыныс бар, басқа елдерден де бар. Бірнеше күннен кейін мансабымды қайда жалғастыратыным белгілі болады», - деді Тошев.
Мартин Тошев өткен маусымда «Жетісу» сапында 15 матч өткізіп, 4 гол соқты. Ал оның командасы Премьер-лигада 28 ұпаймен алтыншы орынға ие болды.
Біздің серіктес: FONBET