Жарнама
Жарнама

Мартинес Бельгия ұлттық құрамасымен келісім шартын ұзартты

Бапкер жаңа келісім шартқа қол қойды.
Жарнама
Жарнама

Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес келісім шартын ұзартты. Бұл туралы Бельгия ұлттық құрамасы өзінің ресми сайтында хабарлады.

Мартинес пен "қызыл сойқандар" 2022 жылдың желтоқсанына дейін жаңа келісім шартқа отырды. Жаңа келіссөз Катарда өтетін Әлем Чемпионы біткен кезде аяқталмақ.

Испандық азамат ұлттық құрамамен бірге 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ұлттық құрамамен 2018 жылғы өткен Әлем Чемпионатында үшінші орынды иеленген болатын.

Еске салайық Бельгия Еуро-2021 додасында В тобына түскен болатын. В тобында Дания, Финляндия және Ресеймен бақ сынасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров