Жарнама
Жарнама

Массимилиано Аллегри: “Ювентус” маусымды екінші орынмен аяқтау үшін бар күшін салмақ”

Бапкер Массимилиано Аллегри маусымның қалған бөлігіндегі “Ювентустың” алға қойған мақсатымен бөлісті, деп жазады Аладоп.кз.

Жарнама
Жарнама

“Клубпен арадағы келісімшартты ұзарту мәселесі бойынша ойланып жүрген жоқпын. Мен туриндік ұжымда әлі бір жылдай уақыт қызмет атқарамын. Менің бар ойым маусымның қалған бөлігін екінші орында аяқтау болып табылады. Мүмкін содан кейін “Ювентус” менеджерлері менің болашағыма байланысты нақты шешім қабылдар. 

Біз өткен маусымдағы көрсеткішімізді едәуір жақсартқымыз келеді. Естеріңізде болса, жан-жақтан қыспаққа ұшыраған команданың жолы болмай 7 орында тұрақтағанын қанағат етіп еді. Содан бері команда өзгерді. Өнер көрсетіп жатқан құрамның көбісі жастардан құралған”, - дейді “бьянконери” бапкері.

Италия біріншілігінің 26-тур қорытындысы бойынша “Ювентус” турнирлік кестеде 57 ұпаймен 2 орында келеді. Клуб турнир көшінде тұрған “Интер” командасынан 12 ұпайға қалып келеді. 

“Қарт кемпірлер” лақап атымен танылған ұжым 3 наурыз күні “Наполиге” қарсы кездесу өткізеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: