Жарнама
Жарнама

МАТЧ АЛДЫНДА: «ДИНАМО КИЕВ» — «МАНЧЕСТЕР СИТИ»

16.01.2016, 23:22
«Манчестер Сити» 2011 жылғы Киевке жасаған сәтсіз сапарының орнын толықтыру үшін барын салады. Егер Мануэль Пллегрини жаттықтыратын команда қос матчтық теке-тіресте жеңімпаз атанса, онда олар өз тарихында алғаш рет ширек финалға шығады. Ал «Динамо Киев» осыған дейін соңғы рет тек 1998/99 жылғы маусымда ғана ширек финалда ойнаған. «Аламан» сіздерге чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалардың матч алдындағы негізгі деректері мен тарихтан бірнеше мысал келтіруді жалғастырады.
Жарнама
Жарнама
«Сити» соңғы жылдардағы сәтсіздіктер сериясын аяқтап, биылғы маусымда топтан бірінші орынмен шықты. Ал «Динамо Киев» соңғы турдағы жеңістің арқасында плей-офф жолдамасына иелік етті. СОҢҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР «Динамо» 2010/11 жылғы чемпиондар лигасының 1/8 финалында қос матчтың қорытындысы бойынша 2-1 есебімен «Ситидан» басым түскен. Киевтіктер өз алаңында 2:0 (Шевченко 25, Гусев 77) есебімен жеңіске жетті және сырт алаңда — 1:0 (Коларов 39) есебімен жеңіліп қалды.+ «Динамоның» стадионында өткен матчта командалар мына құраммен алаңға шықты: 
»Динамо»: Шовковский, Данило Силва, Хачериди, Юссуф, Попов, Гусев, Еременко, Вукоевич, Ярмоленко, Шевченко (Нинкович 88), Милевский. 
»Манчестер Сити»: Харт, Ричардс, Компани, Лескотт, Сабалета, Коларов (Райт-Филлипс 82), Барри, Туре, Балотелли (Тевес 57), Джеко, Сильва. КЕЗДЕСУЛЕР ТАРИХЫ «Динамо» 1999/00 жылғы маусымда «G» тобында екінші орын алып, 1/8 финалда ойнаған. Сол кездегі «Динамо» ойыншысы Сергей Ребров қазір команда жаттықтырушысы. Ребробтың командасы еурокубоктағы өз алаңында өткен соңғы тоғыз ойында жеңілмеген. «Динамо» биылғы маусымда тағы бір англиялық командамен ойнады. «Челсиге» қарсы матчта өз алаңында 0-0 есебімен тең түсті. Ал сырт алаңда 2-1 есебімен жеңіліп қалды. Соңғы рет «Динамо» англиялық команданы былтырғы Еуропа лигасында жеңген. «Эвертонға» қарсы сырт алаңда 2-1 есебі тіркелді. Ал Киевте өткен матчта «Динамо» 5-2 есебімен жеңіске жетті. Сол кезде украиналық команда сапынан Андрей Ярмоленко, Лукаш Теодорчик, Мигель Велозу, Олег Гусев және Антунеш гол салған болатын. «Динамо» англиялық командаларға қарсы өз алаңында өткен 12 матчтың тек екеуінде ғана жеңіліп қалған. Киевте жеңіске жеткен соңғы англиялық клуб — «Манчестер Юнайтед». Чемпиондар лигасының 2007/08 жылғы маусымында англиялықтар 2-4 есебімен жеңіске жетті. Сол матчқа қазіргі командадағы ойыншылар сапынан Александр Шовковский мен Олег Гусев қатысқан. «Манчестер Сити» «Сити» екінші рет Киевте ойнайды. Англиялықтар чемпиондар лигасындағы соңғы үш сырт алаңдағы матчтың екеуінде жеңіске жеткен («Боруссия Менхенгладбах» (2:1) және «Севилья» (3:1)).+ «Манчестер Сити» өз тарихында үш рет плей-офф кезеңіне шыққан. Барлық қос матчтық теке-тіресте де англиялықтар жеңіліп қалған — «Фенербахче» (1968/69 маусым, 1/8 финал) және екі рет «Барселонға» (1/8 финал: 2013/14 және 2014/15 маусымдарда). Ал «Манчестер Ситидің» қазіргі жаттықтырушысы басқа командалармен үш рет ширек финалға шыққан: «Вильяреалмен» (2005/06, 2008/09) және «Малагамен» (2012/13).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров