Жарнама
Жарнама

Матч кезінде қаза тапқан 24 жастағы венгриялық футболшы жайлы не білеміз?

09.11.2021, 20:33
Мұндай жағдай осы жазда да қайталанған еді. Бірақ, жанкүйерлердің қуанышына орай, Кристиан Эриксен аман қалды.
Жарнама
Жарнама

Миклош Фехер - венгриялық футболшы. 1979 жылдың, 20 шілдесінде Венгрияның Татабанья қаласында өмірге келді. Футболшының жақындары - Миклосные Фехер және өзінің туған әпкесі Оршойя Фехер.

Миклош Фехердің бойы 184 см болатын, оның алаңдағы позициясы - шабуылшы, бұл ойыншы карьерасын Венгрияның "Дьёр" жастар командасын да бастады, бұл команда да 1995-1998 жылдары доп тепті және 62-рет алаңға шығып, 23 гол соқты. Ол өзінің ең керемет мансабын Португалияның Примейра Лигасында жалғастырды. Ол аталмыш елде "Порту", "Салгейруш" , "Брага" және "Бенфика" клубтарының намысын қорғады. Бұл командалардағы ойынын жалпы есептесек, барлығы 149 ойын да 52 гол соққан. Миклош Фехер өз елінің яки Венгрияның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында 48 ойында 18 гол соқты. Ал Венгрия ұлттық құрамасында 1998-2003 жылдары ойын көрсетіп, 25 рет алаңға шығып 7 гол соққан болатын.


2004 жылдың 25 қаңтарында Португалия чемпионатында "Бенфика" клубы үшін Гимарайнштың "Виториясына" қарсы матчта Фехер гипертрофиялық кардиомиопатияға байланысты алаңда клиникалық өлімге ұшырады: оны ауруханаға жеткізді, бірақ құтқара алмады. Осылайша, Миклош Фехер бар болғаны 24 жасында өмірден өтті. Фехердің өлімі футбол әлемін дүр сілкіндірді және ФИФА матчтар кезінде медициналық топтардың қызметін жақсарту үшін маңызды шаралар қабылдауға мәжбүр етті.


Сол жылы "Бенфика" Португалия чемпионы атанды және футболшылар бұл жеңісті өмірден ерте кеткен венгриялық футболшыға арнады.

Әділет Шәріп

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров