Жарнама
Жарнама

Матч соңында оянған Бельгия Финляндия құрамасынан басым түсті

22.06.2021, 14:25
Бельгияның 1/8 финалдағы қарсыласы бүгін анықталады.
Жарнама
Жарнама

Еуро-2020 топтық кезеңінің 3-туры матчында Бельгия құрамасы Финляндияны жеңді. Кездесу Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Бельгия шабуылшысы Ромелу Лукаку матчтың екінші жартысында есеп ашты. Төреш голды санады, бірақ VAR голдың офсайдтан соғылғанын анықтады. Матчтың 74-минутында Финляндия құрамасының қақпашысы Лукаш Градецки өз қақпасына гол соғып алды.

81-минутта Лукаку дегеніне жетті. Сол қапталдан Кевин Де Брюйне айып алаңына пас жасады, допты өз ырқына көндірген шабуылшы қақпаның оң жақ бұрышына тамаша соққы жасады. Ал нәтижелі пас шығарған "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Бельгия тоғыз ұпай жинап, В тобында бірінші орынды иеленді. Финляндия (3) үшінші, Дания (3) екінші, Ресей (3) ең соңғы орынға ие болды.