Жарнама
Жарнама

Матчтың фавориті саналған Дания құрамасы Финляндияға есе жіберді

13.06.2021, 13:00
Дания өз кезегінде пенальтиден гол соға алмай, қолда тұрған ұпайдан айырылды.
Жарнама
Жарнама

Дания мен Финляндия құрамалары арасындағы матч аяқталды. Кездесу Копенгагендегі (Дания) "Паркен" стадионында өтіп, 0:1 есебімен Финляндия жеңіске жетті. Матчта Энтони Тейлор бастаған англиялық төрешілер тобы қызмет етті.

Ойынның 43-минутында Кристиан Эриксен есінен танып қалды. Дәрігерлер шұғыл түрде алаңға шығып, ойыншыға көмек көрсете бастады. 10 минуттан кейін Эриксенмен қоса Дания құрамасының ойыншылары мен төрешілер тобы алаңнан шығып кетті.

Ойын екі сағаттан кейін өз жалғасын тапты. 59-минутта Финляндия шабуылшысы Джоэль Похьянпало есеп ашты. Финляндияның қақпашысы Лукаш Градецки Еуро-2020 турнирінде алғашқы пенальтиді қайтарған қақпашы атанды. Соққыны Дания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Пьер-Эмиль Хёйбьерг жасаған болатын. Ал Кристиан Эриксен матчтың үздік ойыншысы атанды.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров