35 жастағы Поляк футболшысы Матеуш Клих жақында “Интер Майами” клубы туралы пікір білдірді.
Ағылшын Премьер лигасында “Лидс” сапында ойнағанымен танымал болған Клих 2018 жылы Нидерландтың “Твенте” клубына ауысып, кейін МЛС-те “Ди Си Юнайтед” және “Атланта Юнайтед” командаларында бір-бір маусым өнер көрсеткен. Қазір ол туған еліндегі “Краковия” клубының ойыншысы.
Клихтің айтуынша, қазір “Интер Майамиге” бару – кәсіби тұрғыдан дұрыс шешім емес:
“Мессидің кезінде бұл клубқа барудың қажеті жоқ деп кеңес берер едім. Қазір ол жерде бапкерлер мен қызметкерлер кетіп жатыр, нағыз хаос орнаған. Ұйымдастыру тұрғысынан бәрі нашар. Тіпті клубты Мессидің әкесі басқарады деуге болады, бәрі Испан тілінде жүреді, олардың рұқсатынсыз ештеңе жасай алмайсыз. Оның үстіне клубтың жаттығу базасы Майамиден 45–50 минуттық жерде орналасқан.” – деді ол.
Клих өзінің таңдауы Нью-Йоркке түсетінін айтады:
“Мен Нью-Йорк клубтарын ұсынар едім. “Нью-Йорк Ред Буллздың” стадионы жақсы, ал “Нью-Йорк Сити” жаңа арена салып жатыр. Сондай-ақ “Коламбус”, “Цинциннати” клубтарының да базалары мен стадиондары керемет, бірақ ол қалаларда өмір сүру көңілсіздеу.” – деп қосты футболшы.
Еске сала кетейік, “Интер Майами” – Ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэм құрған клуб. Қазір онда Лионель Месси, Луис Суарес, Жорди Альба сынды әлемдік жұлдыздар ойнайды, ал Хавьер Маскерано жаттықтырушы болып қызмет атқарады.
Біздің серіктес: FONBET