Астаналық "Жеңіс" клубының Словениялық қорғаушысы Матия Ром осы қыста команда ауыстыруы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.
Екі жылдық ынтымақтастықтан кейін тараптардың жолдары екіге айырылуы мүмкін екенін ойыншының агенті Адриян Милнар мәлімдеді.
Агенттің айтуынша, басты мәселе — келісімшарт талаптарында. Астаналық клуб футболшыға жаңа келісім ұсынғанымен, қаржылық жағдайы бұрынғы деңгейде қалған. Сонымен қатар, Ромның отанында оған лайықты ұсыныс түскен:
"Қазіргі таңда Ромның "Жеңісте" қалар-қалмасын айту қиын. Клуб ұсынған жаңа келісімшарт ескі талаптармен бірдей. Ал біз Люблянаның "Олимпиясымен" дәл сондай сомаға келіссөз жүргізіп жатырмыз. Егер жағдай осындай болса, Қазақстанға қайта оралудың еш қисыны жоқ." — деді Милнар Legalbet.kz порталына берген сұхбатында.
Матия Ромға тек Словениядан ғана емес, Қазақстан Премьер лигасының өзге клубтарынан да қызығушылық бар.
ҚПЛ-дың үздік жетілігіне кіретін тағы бір клуб футболшы туралы ақпарат сұратқан.
Матияға "Жеңіс" клубы мен Астана қаласы ұнайды. Алайда, агентінің айтуынша, клуб басшылығы ойыншыны алып қалғысы келсе, салмақтырақ ұсыныс жасауы тиіс.
Матия Ром "Жеңіс” сапына 2024 жылдың қаңтарында қосылған болатын.
Біздің серіктес: FONBET