Жарнама
Жарнама

Маттеус: «Йоахимнің Германия құрамасына енді жарамайтындығын түсіндім»

31.12.2020, 01:52
Германия соңғы матчта Испаниядан 0:6 есебімен жеңілді.
Жарнама
Жарнама

Бұрынғы неміс футболшысы Лотар Маттеус ұлттық құраманың бас бапкері Йоахим Левтің қызметіне қатысты ойымен бөлісті.

«Егер ұлттық құрама Еврода жанкүйерлер ойлағандай өнер көрсетпесе, онда Лёв қана емес, оны қалдыруға шешім қабылдағандар да кетуі керек. Олар бұл шешімдері үшін жауап береді. Испаниядан 0:6 есебімен ұтылу - бұл ерекше жағдай, бірақ жалпы жағдайды бағалап, біз жеңе алмаған немесе соңында жеңіске жете алмаған матчтарды еске түсіре отырып, Йоахимнің Германияға енді жарамайтындығын түсіндім.

Бұл 2016 немесе 2018 жылдардағыдай анық емес. Оның жауаптары: «Тек маған жұмыс істеуге мұрсат беріңіз, сіз ештеңе түсінбейсіз!» дегендей көрінеді. Бұл апатия, әсіресе Испаниямен болған матчта! Жанкүйерлердің Лёвке деген сенімі жоғалды, менің ойымша, Футбол одағы бұл мәселені жете бағаламайды. Мен Йоахимнің бұрынғы формасына оралғанын қалаймын - бұл өзі үшін де, жалпы неміс футболы үшін де жақсы болар еді», - деді Маттеус Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров