Жарнама
Жарнама

Маттеус: «Мессиге әлемнің үздік ойыншысына қарсы ойнауға тура келеді»

11.08.2020, 17:16
Жылдың үздік матчы болғалы тұр.
Жарнама
Жарнама

«Бавария» клубының бұрынғы ойыншысы Лотар Маттеус алдағы "Бавария" - "Барселона" матчына қатысты пікірімен бөлісті.

«Месси өзінің ізбасарына, әлемдегі ең мықты ойыншы - Роберт Левандовскиге қарсы ойнайды. Ол ең жақсы шабуылшы ғана емес, ең жақсы ойыншы. Бүгінгі "Барселона" бұрынғыдай емес. Әрине, оларда Месси бар. Бұл керемет ойыншы. Бірақ оның жалғыз өзі «Баварияға» қарсы матчта жеткіліксіз болады. «Барселона» мені қорқытпайды», - деді Маттеус.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" "Барселонамен" кездеседі. Матч 14 тамызда Лиссабондағы "Да-Луш" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Бұған дейін «Бавария» мен «Барселона» бес рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын. Турнирде ең көп топ жарған командалар "Реал Мадрид" (13), "Милан" (7) және "Ливерпуль" (6).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров