Жарнама
Жарнама

Мауриньо - беделі жоқ брэнд

26.01.2019, 23:47
Жарнама
Жарнама

«МЮ» бас бапкері жұмысынан босатылғаннан кейінгі алғашқы сұқбатында Жозе Моуриньо клубтың онсыз да болашағы бар екенін және оның да «Манчестер Юнайтедсіз» болашағы барын айтты. Мүмкін, осы сәтте ғана португалдық маман болашақ туралы ойлануға мүмкіндік алған шығар. Себебі, «Қызыл сойқандардың» басшылығы соңғы уақыттары даңқты тарихты еске алуға тура келген болатын.

Жозенің сөздеріне, соңғы жаңалықтар мен сарапшылардың пікірлеріне сүйене отырып, автор қазіргі таңдағы ең үздік жаттықтырушылардың бірінің мансабының болашақтағы дамуы туралы сөз қозғайды.Жозенің өзі де тоқтап, батарейкаларды зарядтап, ойлар легін бір тәртіпке келтіру қажеттігін түсінетін секілді. Сол сұқбатта ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен «to go for my little shopping or to take my little walk» (қарапайым, тек дүкенге шығу немесе аздап серуендеу) құқығын құрметтеуін сұраған болатын.

55 жастағы адамға өз өміріндегі және кәсібіндегі ұстанып келген қағидаларын қайта қарастыру қиынға соғары анық. «Интермен» өткен соңғы талассыз жеңісті шақтарынан бері шамамен 10 жыл өтті. Не үшін талассыз? Өйткені, фантастикалық нәтиже артында команданың бірлігі, жанкүйерлік ессіз махаббат пен бапкерке деген адал сенім тұрды. Ешқандай жанжалдар, киіну бөлмесіндегі мәселелер және ойын сапасы туралы сұрақтар болмады. Оның орнына Матераццидің (Мауриньоның да) қоштасудағы көз жасы мен Уэсли Снейдердің мансабындағы үздік жаттықтырушы туралы айтқан сөздері болды. Иә, «Реал»,  «Челси», «МЮ»-де  жеңісті сәттер болды. Бірақ, осы клубтардың әрқайсысында футбол жанындағы артық сөздер мен істер жиі кездесті.

Осы 10 жылдың ішінде футбол үлкен өзгерістерге ұшырады. Кезінде сәттілік әкелетін «допты барынша аз ұстасақ, соншалықты аз қате жібереміз» қағидасын қазіргі таңда қолдану өрескел қате болар еді. Әлемнің барлық үздік клубтары ала допты өз қарамағында ұстауға барынша тырысады. Қазіргінің аяқдопшылары бұрынғы айтқанға көнетін жасыл алаңның сарбаздары емес. Олар - бағалы активтер. Бүгінгі аяқдопшылар тек гол мен ойыны ғана емес, шаш үлгісі, денесіндегі суреттері мен әлеуметтік желідегі өмірімен де қызық. Ал бапкерге халықпен санасуға тура келеді.

Егерде ғаламтор желісіне Жозе Мауриньо есімін терсеңіз осындай жаңалықтарға жолығасыз:

Skysports: «Хавьер Тебас Моуриньо Испания чемпионатына оралса қуанышты боларын айтты».

Correio da Manha ТВ: Жозе Моуриньо: «Реал» немесе «Интерге» қайта оралу мен үшін үлкен құрмет болар еді».

«ПСЖ-да Мауриньо үшін қызықты мәселе болмақ».

Журналист Габриэле Маркотти бапкерді «damaged brand»  (беделі жоқ брэнд) деп атаған болатын. Маркотти клубтың ойын сапасы мен нәтижелеріне емес, командадағы атмосфера мен аяқдопшылардың қарым-қатынасына назар аударды.

Португалия құрамасын жаттықтырады деген қауесет әңгімелер де болды. Бірақ, Криштиану Роналду мен Жозе Мауриньоны бір командадан енді көре қоймаспыз.

Бұл ақпараттар Мауриньо әлемнің үздік клубтарының бірін жаттықтыруы мүмкін екенін білдіреді. Яғни, алдағы уақыттарда Жозе «Реал», «ПСЖ» немесе «Баварияның» бас бапкері атанса, таң қалмаңыздар.

Ырысты ҚАДІРБЕК

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров