Жарнама
Жарнама

Маурисио Почеттино «Бенфиканың» бапкері болуы мүмкін

29.06.2020, 00:25
«Тоттенхэмді» Чемпиондар Лигасының финалына шығарған Почеттино «Бенфиканы» да біраз жерге дейін апара алады.
Жарнама
Жарнама

Аргентиналық жаттықтырушы Маурисио Почеттино Лиссабондық "Бенфиканың" бас бапкері Бруну Лажені алмастыруы мүмкін, деп хабарлайды Record.

Дереккөздің хабарлауынша, «Бенфика» президенті Луиш Филипе Виейра маманға хабарласқан. Клубтың Почеттиноның қызметіне қаржы салуға дайын екендігі айтылған.

2019 жылы Почеттино «Тоттенхэм Хотспурдың» бас бапкері қызметінен кеткен болатын. «Тоттенхэммен» Почеттино Чемпиондар лигасының финалына шығып, онда ол "Ливерпульге" 0:2 есебімен ұтылды. Бұған дейін аргентиналық «Саутгемптон» мен «Эспаньол» командаларын жаттықтырған.

Өткен жылы Бруну Лаженің басшылығымен "Бенфика" Португалия чемпионы атанды, ал осы маусымда 28 ойыннан 64 ұпай жинап, турнирлік кестеде "Портудан" үш ұпай артта қалып келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров