Жарнама
Жарнама

Маурисио Почеттино ПСЖ-ның бас бапкері болып тағайындалды

03.01.2021, 02:11
ПСЖ Франция чемпионатында үшінші орында келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жермен" Маурисио Почеттиноны бас бапкер етіп тағайындағанын жариялады. Аргентиналық маман 2020 жылдың 29 желтоқсанында қызметінен босатылған неміс маманы Томас Тухельдің орнына келді.

Почеттино бұған дейін "Тоттенхэм" клубын жаттықтырған. Ол 2019 жылдың қараша айында бұл қызметінен кетті. "Тоттенхэмге" дейін аргентиналық маман "Саутгемптон" (2013-2014) мен "Эспаньолды" (2009-2012) баптаған.

ПСЖ Франция чемпионатының турнирлік кестесінде 17 турдан кейін 35 ұпаймен үшінші орында келеді. Ал Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Барселонамен" кездесетін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров