Жарнама
Жарнама

Маурицио Сарри «Лационың» бас бапкері атанды

10.06.2021, 01:53
Бұл жайлы римдік клуб темекі эмодзиін көрсету арқылы тұспалдап айтты.
Жарнама
Жарнама

"Ювентустың" бұрынғы бас бапкері Маурицио Сарри "Лацио" клубының жаттықтырушысы болып тағайындалды. Италиялық маман римдік клубпен 2023 жылға дейін келісім-шарт жасасты.

Естеріңізге сала кетейік, "Лационы" бұған дейін Симоне Индзаги жаттықтырған. Өткен маусым аяқталғаннан кейін маман клубпен жаңа келісім-шартқа қол қоюға уәде бергенімен, содан кейін шешімін өзгертіп, қызметінен кетті. Және көп ұзамай чемпион атанған "Интер" клубын қабылдады.

Сарри өткен жылдың тамызында "Ювентустен" кеткелі бері жұмыссыз жүр. Оның басшылығымен туриндік клуб Италия чемпионы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров