Жарнама
Жарнама

Маусым басталмай жатып, тағы жарақат...

10.08.2025, 19:18

Иско жарақатына байланысты үш айға дейін футбол ойнай алмайды.

Иско
Жарнама
Жарнама

Сенбі күні «Бетис» «Малагаға» 1:3 есебімен есе жіберді. Сол ойында жартылай қорғаушы сол аяғына қатты соққы алып, матчтан кейін алаңды балдақпен және арнайы шинаның көмегімен тастап шықты.

«Бетистің» ресми медициналық қорытындысында 34 жастағы футболшының «сол жақ асықты жіліктің (малоберцовая кость) орта тұсында ығысусыз жаңа сынық» алғаны айтылған.

«Бұл — бұрынғы жарақатқа қатысы жоқ, жаңа жарақат. Алдыңғысы толықтай жазылып біткен. Алдағы апталарда ойыншыға консервативті ем жүргізіледі, оның қайтып оралуы емнің қалай өтетініне байланысты болады», – делінген клуб хабарламасында.

Өткен жылы Иско аяғына екі рет ота жасатып, оған пластина қойылған болатын.

As басылымының мәліметінше, испандық футболшы Ла Лиганың кемінде 11–12 турында және Еуропа лигасының 4 матчында ойнамайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: