Жарнама
Жарнама

Маусым соңына дейін шеттетілген төреші Артём Кучин «Қайраттың» ойынына тағайындалды

31.08.2025, 14:17

Биылғы маусымда екі ойында өрескел қате жасап, ҚФФ төрешілер комитетінің шешімімен шеттетілген Артем Кучин «Оқжетпес» - «Қайрат» арасындағы матчтың тағдырына араласады.

Жарнама
Жарнама

Ол бұл кездесуде қосалқы төреші қызметін атқарады.

Айта кетейік, төреші осы маусымда 3-турдағы «Астана» – «Елімай» кездесуінде семейлік команданың қорғаушысына қызыл қағаз көрсетпей, қателік жібергені мойындалды.

Келесі жағдай «Астана» – «Ордабасы» матчында тіркелді. Бұл ойында Кучин «Ордабасы» қақпасына пенальти белгілемей, тағы да үлкен қателік жасады. Эпизодта қарсылас ойыншыны арқа тұсынан итергені анық көрінген.

Осы екі ірі қателік төреші үшін ауыр салдарға алып келіп, маусым айының ортасында ҚФФ төрешілер комитеті:

«Бір маусымда бір команданың пайдасына қарсы екі ірі қателікке жол бергеніне байланысты Премьер-лига төрешісі, Қарағанды қаласының өкілі Артём Кучин, маусымның соңына дейін Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастыратын барлық деңгейдегі матчтардан шеттетілсін», – деген шешім шығарған еді,

Осы маусымда Артём Кучин Қазақстан Премьер-лигасы мен Кубогында 6 матчты басқарған. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: