Жарнама
Жарнама

«Маусым соңына қарай жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін». Асхат Тағыберген жаңа клубында бірінші сұқбатын берді

31.03.2025, 09:45

Жақында қостанайлық командаға келіп қосылған Асхат Тағыберген өзінің алғашқы пікірімен бөлісті. 34-жастағы футболшы ҚПЛ-2025-тің үшінші туры аясындағы «Елімаймен» болған матчтан кейін ойын ортаға салған болатын.

«Маусым соңына қарай жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін». Асхат Тағыберген жаңа клубында бірінші сұқбатын берді
Асхат Тағыберген
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, кеше Қостанайда «Тобыл» мен «Елімай» 1:1 болып тең тарқасып, ұпай бөліскен.

«Елімай» - азулы қарсылас. Өздерінің мықты команда екендерін көрсетті. Бұл әзірге тек бірінші ойын және біз бір-бірімізге енді бой үйретіп жатырмыз. Футбол жеңістерден әрі жеңілістерден де тұрады. Маусым соңына қарай жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін», - деді жартылай қорғаушы.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген «Ордабасымен» келісімшартын үзіп, үшінші тур алдында «Тобыл» қатарын толықтырған. Қазақстан құрамасының капитаны 2017-жылы және 2021 мен 2022-жж аралығындағы маусымда қостанайлықтар жейдесінде өнер көрсеткен. Бұдан бөлек мансабында «Ақтөбе», «Астана» мен қызылорданың «Қайсары» болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров